23.06.2015, 18:30 3425

Шетел мемлекеттерініӊ 100-ден астам әскери қызметшісі Қазақстандағы "Дала қыраны" оқу-жаттығуына қатысуда

ҚР Қарулы Күштерінде жыл сайын өткізілетін "Дала қыраны" халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы қазақстандық бітімгершілердіӊ кәсібилігін арттыру және өзге елдердіӊ әскери қызметшілерімен өзара қарым-қатынасты нығайтудағы маӊызды іс-шара болып табылады

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерінде жыл сайын өткізілетін "Дала қыраны" халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы қазақстандық бітімгершілердіӊ кәсібилігін арттыру және өзге елдердіӊ әскери қызметшілерімен өзара қарым-қатынасты нығайтудағы маӊызды іс-шара болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы жылы оқу-жаттығуға Америка Құрама Штаттары, Біріккен Ұлыбритания Патшалығы және Солтүстік Ирландия, Түрік Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы, Франция Республикасы және Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ өкілдері бақылаушылар ретінде қатысады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бүгінгі күні Алматы облысындағы "Іле" полигонында оқу-жаттығудыӊ 2-кезеӊі өтіп жатыр. Бригадалық командалық-штабтық оқу-жаттығу "Қазбригтіӊ" басшылық етуімен көп ұлтты бригаданыӊ штабына арналған оқу-жаттығудан тұрады және шетел мемлекеттері штабтық офицерлерініӊ қатысуымен бітімгершілік сценарий бойынша компьютерлерде өткізіледі.

25 маусымда белсенді фаза болатынын айта кеткен жөн. Онда БАҚ өкілдері командалық-штабтық жаттықтыруларды тамашалай алады. Еске сала кетсек, биылғы жылы ҚР Қарулы Күштерінде оқу-жаттығу он үшінші рет өткізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны