04.04.2012, 16:24 4052

Шетелде қашып жүрген қазақстандық қылмыскер саны 1600 асып жығылса, ұсталғандары небәрі 176 адам ғана

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын талқылау барысынде депутат Орал Мұхамеджанов мәлім етті.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Шетелде қашып жүрген қазақстандық қылмыскер саны 1600 асып жығылса, ұсталғандары небәрі 176 адам ғана, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын талқылау барысынде депутат Орал Мұхамеджанов мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, аталған келісімнің тиімділігі зор. "Заңды қалауынша бұзып, ел байлығын жымқырып кетіп, болмаса басқа қылмыс жасап, кейіннен жылы теңіз жағалауына жайғасып алып "ал маған енді не істер екенсіңдер?" деп бізге шекесінен қарап, жайбарақат өмір сүріп жатқандардың саны былтырғы жылы 1600-ден асыпты.

Олардың 1558-іне мемлекетаралық, 6-сына халықаралық іздеу жарияланғанымен, табылғаны 176-ақ адам. Яғни, оннан бірі ғана. Сонымен қатар, ондайлардың ізіне түсу қандай қиындық тудырса, оларды жазалау үшін елге әкелу одан да қиын мәселе. Бұл қиындық Қазақстан мен әдетте қылмыскерлер паналайтын елдердің арасында ұстап беру туралы келісімнің жоқтығынан туындайды. Демек, келісімді ратификациялау ел мүддесіне қызмет етеді", - деді Орал Мұхамеджанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны