07.12.2007, 16:03 2684

Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі отырысы 6-маусымда Атырауда өтеді

Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі отырысы 6-маусымда Атырауда өтеді

Астана. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі, 19-шы отырысы 6-маусымда Атырауда өтеді. Бұл туралы бүгін кеңестің 18-ші отырысын аяқтаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Шетелдік инвесторлар кеңесінің 19-шы отырысын Атырау қаласында өткізуді ұсынамын. Ал отырысты өткізу уақытына келетін болсақ, бұл 6-маусым болуы мүмкін",- деді президент.

Мемлекет басшысы кезекті отырыстың тақырыбы ретінде Қазақстанның электр қуаты саласын дамыту мәселесін таңдауды ұсынды. "Атап айтқанда, біз өте маңызды мәселені - электр қуатын үнемдеуді қарастырымыз",- деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Қазақстан электр қуатын Қытаймен салыстырғанда 2 есе, ал Еуропамен салыстырғанда 3 есе артық жұмсайды. Біз бұлай алысқа бармаймыз", - деп атап көрсетті ол. Кеңес 1998 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлармен тікелей диалог жүргізуді, сонымен қатар инвестициялық іс-қызметке байланысты проблемалы мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ететін консультативтік орган ретінде құрылған болатын. Кеңес төрағасы президент болып табылады.

Кеңес құрамына басты министрліктер мен мекемелердің, сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымдары мен ірі шетелдік компаниялардың басшылары кіреді. Жалпы отырыс мемлекет басшысының төрағалығымен жылына екі рет өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны