31.05.2012, 00:25 7087

Шетелдік компаниялар Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция салатын болады

Инвестиция тартылатын келесі үлкен сала Қазақстанның ауыл шаруашылығы болады, дейді "Citigroup"компаниясының институциональдық клиенттер тобының вице-төрағасы Карлос М.Гутьеррес Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Шетелдік компаниялар Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция салатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Инвестиция тартылатын келесі үлкен сала Қазақстанның ауыл шаруашылығы болады, дейді "Citigroup"компаниясының институциональдық клиенттер тобының вице-төрағасы Карлос М.Гутьеррес Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

"Менің ойымша, алдағы уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты азық-түлік компанияларын көбірек көретін боламыз деп ойлаймын.Азық-түлік компаниялар жақын арада Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты әлеуеттің зор екенін түсінетін болады. Өз базасы болатын азық-түлік компаниялар өнімдерді осы жақта экспорттай алады. Сондықтан да инвестиция мол салынатын келесі үлкен сала ауыл шаруашылығы болуы ықтимал",- деп хабарлады Карлос М.Гутьеррес.

Инвестордың айтуынша, Қазақстанның инвестициялық климатын Дүниежүзілік банк жоғары бағалап отыр, шетелдік инвесторлар үшін осы мәселе өте маңызды.

"Инвесторлар қай елде салықтық мөлшерлеме жақсы, қай елде салық режимі жеңіл, соған қарайды, меншік құқықтарына, келісімшарт жасау шарттарына және сол келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына көңіл бөледі", -дейді Карлос М.Гутьеррес.

"Citigroup" компаниясының өкілі сондай-ақ, "Қазақстан біз үшін - дамып келе жатқан ел. Ол, біздің білуімізше, әлі де өсетін ел және біз өз қызметімізді осы бағытта жүргізетін боламыз",- деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны