08.05.2009, 13:31 3145

Шығыс Қазақстан облысында 13 жасар қызды зорлаған күдікті ретінде аға лейтенанттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысында 13 жасар қызды зорлаған күдікті ретінде аға лейтенанттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 13 жасар қызды зорлаған күдікті ретінде аға лейтенанттың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың 13 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында түнгі сағат 1-де аға лейтенант К мас күйінде 1996 жылы туған, жасы кәмелетке толмаған Н есімді қызды зорлаған",- делінген хабарламада.

Бір тәуліктен кейін ҚР ІІМ-нің Өскемен қалалық әскери тергеу басқармасы осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, аталған гарнизонның әскери соты тарапынан оны "қамауға алу" шарасы таңдалды, деп нақтылайды мекеме.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы қылмыстық істің тергелу барысы Өскемен гарнизонының әскери прокурорының жеке бақылауында, іс бойынша жазбаша түрдегі нұсқаулар берілді.

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, "үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстың үлес салмағы Республика бойынша тіркелген қылмыстардың жалпы санынан 5%-дан аз бөлігін құрады. Бұл көрсеткіш әскери құқық қорғау органдары бойынша әскери қызметшілердің жасаған қылмыстары санынан 0,4 %-ға, яғни 10 есеге аз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны