18.06.2007, 15:03 2994

Шығыс Қазақстан облысында 2007-жылдың бес айының қорытындысы бойынша қылмыс санының 5,5 процентке өсуі тіркелді

СЕМЕЙ. 18 -маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 2007-жылдың бес айының қорытындысы бойынша қылмыс санының 5,5 процентке өсуі тіркелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс бойынша қаңтар-мамыр айларында 6786 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5,5%-ке артық. "Қасақана кісі өлтіру қылмысын 8,8%-ке, қыз зорлауды 26,7%-ке, ауыр дене зақымдарын 4,3%-ке және басқаның мүлкін тонауды - 6,6%-ке өсіруге жол берілген", - деп хабарлайды полициядағылар. Ал қарақшылық шабуылдар санын 11,4%-ке, ұрлықты 2%-ке, бұзақылықты 7,7%-ке, пәтер тонауды 7,3%-ке азайтуға мүмкіндік туған.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, ауыр қылмыстар түрін ашу көрсеткіші 83,9% құраған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,3%-ке жоғары, соның ішінде қасақана кісі өлтіру қылмыстарын әшкерелеу көрсеткіші 0,6%-ке, адамның денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіруді әшкерелеу 1,6%-ке, қыз зорлау қылмыстарын әшкерелеу 2,9%-ке өткен.

"Шұғыл іздестіру шараларының барысында бұрын жасалған 1069 қылмыстың беті ашылса, оның 359 қылмысы "бұрынғы қылмыстар". Ағымдағы жылдың мамырында іздеуде жүрген 51 қылмыскер, соның ішінде аса ауыр қылмыс жасаған 13 қылмыскер ұсталды", - деп хабарлайды полиция. Ұйымдасқан қылмыспен күрес желісі бойынша бір топ құрықталды.

Сонымен бірге 2007 жылдың 5 айында облыс аумағында заңсыз есірткі айналымына қатысты 367 қылмыстың беті ашылды (2006-жылы 328), оның 199-ы есірткі сатуға қатысты. Заңсыз айналымнан 53 кг есірткі алынды, ал өткен жылғы осы мерзімде 87 кг астам есірткілік заттар тәркіленген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол қауіпсіздігінің желісі бойынша 445 жол апаты тіркелсе (2006жылы - 362), оларда 109 адам қаза тапты, 494-і жарақаттанды. "Апаттардың саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 22,9% құрады. Қаза тапқандар саны 49,3%-ке, жараланғандар саны 19%-ке өсті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны