02.04.2010, 16:08 2952

Шығыс Қазақстан облысында Аягөз аудандық сәулет бөлімінің бұрынғы бастығы пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды

Шығыс Қазақстан облысында Аягөз аудандық сәулет бөлімінің бұрынғы бастығы пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды

Семей. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Аягөз аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы бастығы пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде "Аягөз аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" МБ бастығына қатысты қылмыстық істі тексеру аяқталды.

"Тергеу барысында бөлім бастығының жеке кәсіпкерден жер телімін таңдау жөніндегі актіге заңсыз қол қойғаны және жалпы қамқорлығына алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара бопсалағаны анықталды. Шенеунік 100 мың теңге көлемінде пара алу үстінде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түсті", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аягөз аудандық сотының үкімімен ұсталған ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы (пара алу) бойынша айыпты деп танылып 3 жылға сотталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны