04.09.2006, 12:59 3021

Шығыс Қазақстан облысында арнаулы техникалық құралдарды заңсыз сатуға жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері жеке кәсіпкердің арнаулы техникалық құралдар мен қос мақсатты техникалық құралдарды заңсыз сатуға жасаған әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, түрлі маркалы 12 шағын бейнекамералар заңсыз айналымнан тәркіленді.

Өскемендегі арнаулы әкімшілік сотының қаулысына сәйкес тыйым салынған техниканы сатуға әрекет жасаған кәсіпкер ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 357-бабы, 1-тармағында қарастырылған құқық бұзушылық әрекеті үшін айыпты деп танылып, 30 ең төменгі айлық есептік көрсеткіш (30900 теңге) көлемінде айыппұл төлеп, 180 550 теңге тұратын шағын бейнекамералар мемлекеттің кірісіне тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны