20.12.2009, 15:01 2951

Шығыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы құрықталды

Шығыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы құрықталды

Семей. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұстау оқиғасы "Ауыл" кеден бекетінде болды. "Бішкек- Красноярск бағытында қатынайтын "Каессборер" маркалы бағытты автобусына кедендік бақылау жүргізу кезінде Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Чейн атты иісшіл иттің көмегімен Қырғызстан азаматшасына тиесілі қол сөмкесін тексеру кезінде оның қос түбінен ұнтақ зат табылды", - деп хабарлайды департаменттегілер.

"Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат героин болып шықты. Оның салмағы шамамен үш килограмға жуық", - деп хабарлайды мекемедегілер.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны