24.08.2007, 18:39 2734

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше діни бірлестіктердің заңсыз іс-қызметінің жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше діни бірлестіктердің заңсыз іс-қызметінің жолы кесілді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. ӨСКЕМЕН. Шығыс Қазақстан облысында бірнеше діни бірлестіктердің заңсыз іс-қызметінің жолы кесілді, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінен.

Атап айтқанда, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, Шығыс Қазақстан облыстық прокуратура органдарымен бірлесе отырып "Евангелиялық христиан-баптистер" діни бірлестігінің заңсыз іс-қызметінің жолын кескен.

Полициядағылардың түсіндіруінше, діни бірлестік заңды тіркеусіз облыс аумағында ғибадатхана ашқан, оған келетіндердің саны 35 адамға жеткен.

Бірлестік жетекшісіне 100 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде (1 МЕК -1092 теңгеге тең) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Семейде пятидесятниктер деп аталған ағымның жетекшісіне тіркеусіз іс-қызметі үшін осындай сомаға айыппұл салынған.

"Таблиги джамаат" діни-миссионерлік қозғалысының екі жақтасы "әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды". Полициядағылардың айтуынша, Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны мен 50 жастағы семейлік Сосновка аулының тұрғындары арасында заңсыз миссионерлік іс-қызмет таратқан.

Заңсыз діни іс-қызметке байланысты тағы бір дерек Ақжал ауылында анықталып отыр. Жергілікті мешіттің имамында арнайы заңды тіркеуі болмаған. Оған ескерту жасалынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны