14.07.2014, 20:15 3000

Шығыс Қазақстан облысында "Денсаулық жолы" акциясы өткізілуде

Науқан терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мамандарын тарту арқылы оңтайлы медициналық бригаданың шалғайдағы ауылдарға баруымен жүзеге асырылады.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында 1 шілдеден 31 тамызға дейін өңірлік ауыл тұрғындарына арналған кең ауқымды "Денсаулық жолы" акциясы өткізілуде.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, шараның мақсаты инфекциялық аруруларды алдыңғы сатыда анықтау және дер кезінде көмек көрсету, халықты салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу және әркімнің өз денсаулығына өзі жауапты екенін түсіндіру.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы ақпараттық-коммуникациялық "Денсаулық жолы" науқанының басты назары қан айналымы жүйесі ауруының, қант диабетінің, онкологиялық аурулардың және мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алуға аударылуда.

Науқан терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мамандарын тарту арқылы оңтайлы медициналық бригаданың шалғайдағы ауылдарға баруымен жүзеге асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны