05.02.2008, 19:04 3042

Шығыс Қазақстан облысында екі елікті атып алған браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында екі елікті атып алған браконьер ұсталды

Семей. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында екі елікті атып алған браконьер ұсталды. Бұл туралы ШҚО ІІД-нің табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменов хабарлады.

"3 ақпанда Көкпекті АІІБ полицейлері жедел -алдын алу шараларн жүргізу барысында аудандағы қорықшылармен бірге заңсыз елік аулау деректерін анықтады", - деп хабарлайды ІІД.

Браконьер Үлгілі-Малшы ауылдық окрігінің аумағында металлургиялық зауыттың демалыс үйінің бір учаскесінде ұсталған. "50 жастағы Өскемен тұрғыны браконьерлік жолмен екі елікті атып алған. Екі аңның өлімтігі, мылтық, аңшы пышағы мен оқ гильзалары тәркіленді", - деді Б.Сүлейменов. шығын көлемі 233 600 теңге болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны