17.10.2006, 17:02 3049

Шығыс Қазақстан облысында есірткі сатып жатқан жерінен тәртіп сақшысы ұсталды

ӨСКЕМЕН. 17-қазан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері есірткі сатып жатқан жерінен тәртіп сақшысын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Үржар аудандық ІІБ-ның, арнаулы күзет қызметінің қызметкері , 29 жастағы полицей марихуана партиясын сатпақ болып жатқан жерінен қолға түсті". Баспасөз қызметі ұсталғанның қанша есірткі сатпақ болғанын нақтылаған жоқ.

Тәртіп сақшысының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз есірткі саудасы жөніндегі 259-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны