09.01.2008, 10:25 1824

Шығыс Қазақстан облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс санының өсуі байқалып отыр

Шығыс Қазақстан облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс санының өсуі байқалып отыр

Семей. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың қорытындысына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың өсуі тіркелген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "өткен жылы 2006 жылмен салыстырғанда облыста есірткінің заңсыз айналымына байланысты анықталған қылмыстардың 829-дан 910-ға дейін өскені байқалған".

Баспасөз қызметінің инспекторы Райхан Елубаева хабарлағандай, есірткі сату деректерінің саны 442-ден 449-ға өскен. Сондай-ақ, есірткі контрабандасының 4 дерегі анықталған. Заңсыз айналымнан 96 кг есірткі заттары тәркіленген (2006 жылы 292 кг-нан астам). Оның ішінде 3 кг-нан астам героин бар (2006 жылы 1 кг). Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 265 бабы (заңсыз айналым) бойынша бір қылмыстық іс қозғалған. Ал 2006 жылы бұндай бірде-бір дерек тіркелмеген".

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы облыс аумағында БАҚ өкілдерін, студенттер мен оқушыларды шақырып есірткіні қоғамдық жою шаралары жүргізілген. Жойылған есірткінің жалпы көлемі 200 кг-ды құрады.

"Арнайы үйретілген 11 қызметтік ит есірткі заттарынын заңсыз айналымына байланысты 157 қылмысты ашуға көмектесіп, олардан 19 кг әртүрлі есірткі тәркіленген. Оның ішінде героиннің салмағы 1 кг 207 гр", - деді Р. Елубаева.

Сондай-ақ ол өткен жылы іске асырылған шаралар нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі азайып, есірткіні заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық саны да төмендеген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта облыстық наркодиспансерде тіркеуде 132 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім бар.

"Алдын алу мақсатында Өскемен, Семей, Риддер және Зыряновск қалаларының білім беру мекемелерінде "Есірткіні кім және қайда сатады" деген сенім жәшіктері орналастырылған. 19 сенім телефоны қызмет жасап жатыр. Ал 672 мектеп, 26 колледж бен 20 арнайы мектепте есірткі постылары енгізілген", - деп атап көрсетті Р. Елубаева.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы үш жылда есірткіні пайдаланатын тұлғалар санының артуы байқалған. Егер 2005 жылы олардың саны 3943 адамды құраса, 2006 жылы - 4345, ал 2007 жылы - 4739 болған. Оның ішінде есірткі пайдаланатын әйелдер, балалар мен жасөспірімдердің саны да өскен.

2007 жылы есірткіні мөлшерден тыс пайдаланудан 18 бен 30 жас аралығындағы 44 адам көз жұмған. 2006 жылы осылайша 61 адам қайтыс болған. Олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны