14.07.2009, 16:45 2933

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясының лауазымды тұлғаларының үстінен кедендік алымдарды төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясының лауазымды тұлғаларының үстінен кедендік алымдарды төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Өскемен. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері "Қазақмыс" корпорациясының лауазымды тұлғаларының үстінен кедендік алымдарды төлеуден жалтарғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-тармағы (Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Шығыс Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің лауазымды тұлғаларының үстінен кедендік алымдарды төлеуден жалтарғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-тармағы (Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 2005 жылы Германиядан 10 дана MAN маркалы жүк көлігін сатып алған. ҚР Салық кодексінде көрсетілген шектеулерге қарамастан, "Қазақмыс" корпорациясы аталған көліктерді Қарағанды облысының Жезқазған қаласында орналасқан басқа бір ЖШС-іне берген. "Сөйтіп, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 37 451 673 теңге көлеміндегі кедендік төлемдер мен салықты төлемей, тауарды өндірістік мақсатта емес, комерциялық мақсатта пайдаланған", - деп түсіндіреді департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны