13.10.2009, 13:42 3369

Шығыс Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енгізілген балықты аулап алғаны үшін жергілікті тұрғын ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енгізілген балықты аулап алғаны үшін жергілікті тұрғын ұсталды

Семей. 13 қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Шемониха ауылының 34 жастағы тұрғыны Оба өзенінде Қызыл кітапқа енгізілген таймень балығын аулап алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл адам жай балық емес, Қызыл кітапқа енгізілген балықты аулап алған. Ол бар болғаны салмағы 3 килограмм жалғыз балық аулап алғанымен, ол үшін енді 388 мың теңге төлеуіне тура келмек", -деді басқарманың оперативтік отрядының жетекшісі Александр Казинский.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны