07.03.2007, 16:35 3257

Шығыс Қазақстан облысында "Көктем - 2007" командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтуде

СЕМЕЙ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қатысты ахуалдың асқыну жағдайына дайындық деңгейін көтеруге бағытталған "Көктем - 2007" командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаттығу көктем кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы аумақтық жедел әрекет ету жүйесінің мүмкіндіктері мен дайындық деңгейін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің шешімімен өтуде.

Жаттығу барысында жергілікті атқарушы органдардың елді-мекендерді, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен аумақтарды су басқан жағдайда қарамағындағы күш-құралдарын басқару жұмыстарын үйлестіру жолдары пысықталуда. Сонымен қатар, көктемде болуы мүмкін табиғат апаттарын жою үшін құрылған апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдардың іс-әрекетке дайындық деңгейі тексерілуде. Сондай-ақ, қуат көздері мен материалдық-техникалық қор мен оның жағдайына тексеру жүргізілді.

Баспасөз қызметі атап өткендей, күн тез жылынып , қар тез еріген жағдайда қажетті шаралар алдын-ала қолданылмаса, жалпы 146 мың адам тұратын 131 елді-мекенді су басуы мүмкін. Калжыр, Күршім, Бұқтырма, Егінсу, Үржарка, Қосақ өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі Бұқтырма, Калжыр өзендерінің жағалаулары жырылып, жағалауда орналасқан елді-мекендерді, тіреулер мен көпірлерді су шайып кетуі мүмкін.

Осыған байланысты республикалық маңызды автожолдарда 2636 су өткізгіш құбырлар мен 257 көпір, ал жергілікті маңызы бар жолдарда 2174 су өткізгіш құбырлар мен 302 көпір тасқын басталмай тұрып жайылма суды өткізуге дайындалды.

"Қазақселденқорғау" кәсіпорны Қотан-Қарағай, Зырянов, Көкпекті және Зайсан аудандарындағы көшкін және сел болу қаупі бар аумақтарды бақылауға алды. Алдын-ала сақтану мақсатында көшкін түсіруге, Оба және Бұқтырма өзендеріндегі мұзды қопсытуға қатысты жару жұмыстарын жүргізуге келісім жасалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны