17.03.2010, 16:42 3173

Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағының құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағының құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Транспорттық прокуратура Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағының құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Транспорттық прокуратура Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағының құлау дерегі бойынша (әуе транспортының қозғалыс қауіпсіздігі және әуе транспортын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп кісі өліміне әкеп соқтыру) қылмыстық іс қозғады ", - деді Қ. Жұманов.

Оның айтуынша, "қылмыстық істі көліктегі Оңтүстік-шығыс ІІД өндіріске қабылдап, жедел тергеу тобы құрылды, оқиға орны қорғауға алынды, оны мұқият тексеріп шығу жұмыстары жүргізілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны