Система Orphus

Шығыс Қазақстан облысында ондатра терісімен браконьер ұсталды

31.03.2008, 19:05 727

Өскемен. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында ұсталған браконьерден 32 дана ондатра терісі тәркіленді. Бұл туралы агенттік ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Үржар АІІБ-ның қызметкерлерісмен бірлесе отырып, "Комсомол" учаскесінде Мақаншы ауылының тұрғыны айдаған шетелдік көлік ұсталды. Көлікті тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ 32 дана ондатра терісі тәркіленді. Хайуанаттар аң аулауға тыйым салынған мерзімде заңсыз өлтірілген", - деді облыстық ІІД-нің табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменов.

"Браконьерлік тәсілмен аң аулағанда олардың індері бүлінетіндіктен, аңның үрім-бұтағы толық қырылатыны мәлім", - деді Б. Сүлейменов.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шығын көлемі 186 800 теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны