12.02.2010, 18:03 3101

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы тәртіп сақшыларына қатысты 43 қылмыстық іс қозғалған

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы тәртіп сақшыларына қатысты 43 қылмыстық іс қозғалған

Семей. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы тәртіп сақшыларына қатысты 43 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы облыстық ІІД төрағасы Қалмұханбет Қасымов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық "ВКТВ" телеарнасына сілтеме жасап.

Қ. Қасымовтың айтуынша, 2009 жылы тәртіп сақшыларына қатысты 43 қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органының қызметкерлері жасаған қылмыстардан 7 дерек сыбайлас жемқорлық сипатында болған.

"Өткен аптада Семейде азаматтардан ақша бопсалаған екі полиция қызметкері ұсталды. Осыдан бір ай бұрын өскемендік учаскелік тәртіп сақшысы да бопсалаушылығы үшін жұмыстан шығарылды", - деп хабарлайды телеарна.

Қ. Қасымовтың айтуынша, "биыл тәртіп сақшыларының арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес аса қатал болмақ". "Тіпті 50 - 70 адамды қусақ та, өз қатарымызды тазартамыз. Біз өз арамызда осындай қызметкерлердің болмауы үшін шара қолданатын боламыз", - деді ІІД төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны