02.07.2007, 17:16 2826

Шығыс Қазақстан облысында Ресейге 30 мыңдай АҚШ долларын алып өтуге жасалған контрабанданың жолы кесілді

СЕМЕЙ. 2-шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында Ресейге 29,6 мың АҚШ долларын алып өтуге жасалған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Семей" кеденінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ауыл" кеден бекетінде кедендік бақылау шарасының аясында 41 жастағы әйелдің қол жүгінен декларацияда көрсетілмеген 29 600 АҚШ доллары көлемінде шетел валютасы табылды. Кеденшілер әйелдің Семей - Барнаул бағытындағы автобуспен Қазақстаннан Ресейге бет алғанын анықтады.

"Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген валюта жасанды емес, "Семей" кеден бекетінің кедендік кірісті есептеу бөлімінің есебінше, валютаның ҚР ұлттық ақшасына шаққандағы жалпы көлемі 3 606 872 теңге болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша "Семей" кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа дайындалу және қылмысқа әрекет жасау) мен 209-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны