10.06.2009, 16:47 2485

Шығыс Қазақстан облысында сақтандыру компаниясының филиалы директорының үстінен 55,9 млн теңгенің ұрлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысында сақтандыру компаниясының филиалы директорының үстінен 55,9 млн теңгенің ұрлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында сақтандыру компаниясының филиалы директорының үстінен 55,9 млн теңгенің ұрлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ШҚО бойынша ЭСЖҚД сақтандыру компаниясының Шығыс Қазақстан филиалының бастығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176- бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғалды. Ол бір азаматпен алдын-ала ымыраласу арқылы жасалған сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандыру агенттерінен келіп түскен ақша қаражаттарын ұрлап, сақтандыру компаниясына 55,9 млн теңгеге залал келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны