СЕМЕЙ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында салдыр-салақтықтан қылмыскерге қаруы мен киімін алдырып алған полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің жетекшісі Лариса Поломошнованың айтуынша, 26-мамыр күні таңертең Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің оперативтік басқару орталығына Өскемен тұрғынынан үйдің подьезінде біреу оқ атты деген хабар келген. Аталған мекен-жайға Өскемен қалалық ІІБ патруль полициясының батальоны қызметкерлері келіп жетеді. Үйдің екінші қабатының сатылы алаңынан Макаров тапаншасынан атылған екі оқтың гильзасы табылған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір сағаттан кейін тәртіп сақшылары белгілері қылмыскерге сәйкес келетін бір адам отырған автокөлікті тоқтатты. "Автокөліктен секіріп шыққан еркек тәртіп сақшыларына қаратып оқ атқан. Алайда қауіпті қылмыскер залалсыздандырылып, қолға түсті",- деді Л.Поломошнова.
Артынан мәлім болғанындай, ұсталғаннан алынған қару мен полиция киімі Өскемен қалалық ІІБ патрульдік полициясы батальонының тәртіп сақшысына тиесілі болып шыққан. "Түнгі кезекшілікке шыққан ол таң ата бере қызмет орнын өз білермендігімен тастап шығып, жоғарыда айтылған еркектің үйіне барған. Екеуі бірлесіп ішімдікке сылқия тойған соң, полиция қызметкері қалғып кеткен. Пәтер қожайыны осы жайтты пайдаланып оның қаруы мен киімін иемденіп алады",- деді баспасөз хатшысы.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқынның үстінен тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша, соның ішінде адамның өміріне қатер төндіру, бұзақылық, басқаның мүлкін зақымдау, басқаның атағын иемденіп алу, қару ұрлау жөнінде айыптар тағылды, ол өз айыбын мойнына алды.
Сонымен бірге қызмет бабындағы міндетін атқаруды салдыр-салақтыққа жол берген және әскери-қызметтік тәртіп талаптарын бұзған тәртіп сақшысы да қамауға алынды. "Бүгінгі күні бұл тәртіп сақшысы полиция қызметкерінің беделіне нұқсан келтіргені үшін ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды. Оған әскери-қызметтік тәртіпке қатысты немқұрайдылық танытқаны үшін ҚР қылмыстық кодексінің 316-бабы, 2-тармағына сәйкес айып тағылды. Бұл бап бойынша ол бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуға тиіс",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшысы ішкі істер органдарында 2001-жылдан бері жұмыс істеген. Қазір тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Шығыс Қазақстан облысында салдыр-салақтықтан қылмыскерге қаруы мен киімін алдырып алған полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
тақырып бойынша жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үш есеге төмендеді
Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік жылыжайлармен қызанақ пен қияр бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде", - деп хабарлады Айжан Бижанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті
Мұнда Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу туралы сөз болып отыр. Цифрландыру мен есепке алу су пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Сенімді деректердің болуы және бірлескен мониторинг мемлекеттер арасындағы сенімнің негізі болып саналады және су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.03.2026, 12:49Әзербайжан Қазақстан Президентінің халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды 31.03.2026, 20:48 120461Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық тандемді нығайтуды жалғастыруда30.03.2026, 13:53 120131Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Шаңхайда таныстырылды30.03.2026, 11:51 115071Мадридте Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды31.03.2026, 21:15 109696Қазақстан мен Өзбекстан одақтастық қатынастарды дамытуды және стратегиялық диалогты нығайтуды жалғастыруда
17.03.2026, 17:12 279051Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 278826Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 278566Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді16.03.2026, 16:56 248941Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді20.03.2026, 09:23 238921Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

