14.10.2008, 11:49 1433

Шығыс Қазақстан облысында шекарашылар контрабандалық тауар тиелген автокөлікті ұстады

Шығыс Қазақстан облысында шекарашылар контрабандалық тауар тиелген автокөлікті ұстады

Алматы. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Гаркуново елдімекемінің маңында шекарашылар 13 қазанда контрабандалық тауар тиелген автокөлікті ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Өскемен қалалық шекара отрядының хабарламасына сілтеме жасап.

Шекарашылар Ресей Федерациясының азаматын Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан КамАЗ көлігімен өткізу бекеті жоқ жерде заңсыз өтпек болғаны үшін ұстады.

"Көліктің кузов мен тіркемесіне тола Қытайда өндірілген болуы мүмкін тауар тиелген. Контрабандалық тауардың жалпы көлемі 40 - 50 текше метр болды", -деп хабарлайды шекарашылар.

Осыдан бірнеше күн бұрын "Семей" дербес бақылау-өткізу бөлімшесінің "Өбе" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Қазақстан азаматынан декларацияда көрсетілмеген 1 млн 810 мың Ресей рублі мен 14 мың АҚШ долларын тауып тәркілеген.

Ол Өскемен-Новосибирск бағытында "Вольво" көлігмен жол тартып бара жатқан, ақша оның көлігінің салонындағы төбе аралығындағы қуысқа жасырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны