04.05.2009, 19:23 2736

Шығыс Қазақстан облысында сот Ұлан ауданының бұрынғы әкімі мен осы аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бұрынғы бастығын 1 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айыруға кесті

Шығыс Қазақстан облысында сот Ұлан ауданының бұрынғы әкімі мен осы аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бұрынғы бастығын 1 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айыруға кесті

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында сот Ұлан ауданының бұрынғы әкімі мен осы аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бұрынғы бастығын 1 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айыруға кесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2009 жылдың 20 сәуірі күні Өскемен қалалық № 2 сотының Ұлан ауданының бұрынғы әкімі Мұзапаров Марат пен осы аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бұрынғы бастығы Балтабаев Серікке қатысты үкімі шығарылды.

Олардың екеуі де ҚР ҚК 257-бабы 2-бөлігінің "а" тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандықтарынан айырылуға, ҚР ҚК 104-бабы, 2- бөлігінің "д" тармағы бойынша 6 ай бас бостандықтарынан айырылуға сотталды.

ҚР ҚК 58- бабының 2-бөлігі негізінде қаталдығы кемірек жазаның неғұрлым қатал жазамен тұтылуы жолымен 1 жылдан бас бостандықтарынан айыруға ақтық жаза белгіленіп, ҚР ҚК 63 бабының ережесін қолданумен шартты түрде, әрқайсысы 2 жылдан сынақ мерзімге сотталды".

Сонымен бірге, мемлекеттік айыптау жағы сотты сотталушыларға ҚР ҚК 257-бабы 2-бөлігінің "а" тармағы, 104-бабы 2- бөлігінің "д" тармағы бойынша 5 жылдан бас бостандықтарынан айыруға және жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасын белгілеуге бағдарлады.

Қазір соттың аталмыш үкіміне Өскемен қалалық прокуратурасы апелляциялық тәртіппен қылмыстық ауырлығына және сотталушылардың жеке бастарына жазаның сай келмеуіне байланысты наразылық келтірді. Іс облыстық соттың апелляциялық алқасының қарауына алынған, деп хабарлайды қадағалаушы мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны