25.02.2009, 17:36 3235

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғын ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғын ұсталды

Семей. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД ақпаратына сәйкес, полицияға балық шаруашылығы комитетінің Алакөл балық инспекциясы бөлімінен Сағат ауылының 32 жастағы тұрғыны Қытайда жасалған аумен Сасықкөлде балық аулайды деген ақпарат келіп түскен.

Тексеру кезінде күдіктіден 170 килограмм мөңке балығы табылып тәркіленді, келген шығын көлемі 21 мың теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны