12.03.2008, 09:56 1211

Шығыс Қазақстан облысында жасырын ойынхана мен заңсыз ойын автоматтарының залы анықталды - облыстық ІІД

Шығыс Қазақстан облысында жасырын ойынхана мен заңсыз ойын автоматтарының залы анықталды - облыстық ІІД

Өскемен. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде жасырын ойынхана, ал Зыряновскіде ойын автоматтарының заңсыз залы анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Басып кірген кезде ойынхананың 10 қонағы болған. Сыбайласқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері тексеру кезінде фишкаларды, ойын карталарын, 200 мыңнан астам теңге және 3 мың доллар қаржы тәркіледі. Ойынхана Өскеменнің сауда үйлерінің бірінде орналасқан болып шықты", - деп құлағдар етті баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, Зыряновскідегі қалалық полиция бөлімінің жанындағы бұрынғы МАИ-дың ғимаратында 14 ойын автоматы бар заңсыз зал анықталды. Залда 5 адам болған.

"Күзеттің және бейне бақылау жүйесінің болуына қарағанда астыртын бизнес ауқымды көлемде жүргізілгенге ұқсайды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны