15.12.2008, 16:45 2772

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті бес тұрғын заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті бес тұрғын заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды

Астана. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жергілікті бес тұрғын заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ ИПК ЛРБЖБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Көкпекті АІІБ-нің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Көкпекті ауданы Тассай ауылының жанында, рейдтік іс-шаралар өткізу барысында осы ауылдың жергілікті 5 жас тұрғыны ұсталды, олар "Днепр" және "Орал" маркалы нөмірсіз екі мотоциклмен мұз үстінде еліктерді қуып жүріп, құлатып сол жерде сойған. Олардан 3 елік, терілері бастарымен және айғақ зат ретінде тәркіленді. Зияны 350 400 теңгеге бағаланды".

Осы көрсетілген оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Заңсыз аңшылық жасау" жөніндегі 288-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны