01.06.2007, 17:44 2724

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері сауда нысандарында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 129 адам жауапқа тартылған

СЕМЕЙ. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 129 лауазымды тұлаға сауда нысандарында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 111 сауда нысандарына тексеру жүргізген. "Тексеру нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздік ережесі мен нормаларының бұзылуына жол бергені үшін 129 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылған, соның ішінде 106 адамға айыппұл салынған, салынған айыппұлдың жалпы көлемі 700 мың теңгеге жетіп жығылады",-деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 27 жағдайда сауда кәсіпорындарын пайдалану сот тәртібімен тоқтатылған.

Мемлекеттік өрт бақылауы бөлімінің бас маманы Мейір Абаевтің айтуынша, кәсіпкерлік, соның ішінде сауда субъектілерімен өрт сөндіру заңын сақтау тақырыбында үнемі жиналыстар мен бас қосулар өтіп тұрады. "Бірақ, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, нысандарда өрт қауіпсіздігін бұзушылық жүйелі түрде жойылмай отыр, өрт сөндіру тәртіптері сақталмайды, қызметкерлер өрт шыққан кездегі қарапайым тәжірибелерді игермеген, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді",- деп атап өтті М. Абаев.

Ол сондай-ақ, кәсіпорын басшылары нысандарының өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру үшін жеткілікті қаржы салмайтындығын да атап өтті. "Өрт сөндірудің алғашқы құралдарын сатып алу, ғимаратта өртке қарсы автоматикалық жабдықтар орнату, сыртқы және ішкі өрт сөндіру суымен жабдықтау мәселесі өте қиын шешіледі",- деп қосты маман.

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын сауда нысандарында 20-ға жуық өрт тіркеледі. Осы жылы облыстың сауда кәсіпорындарында бес өрт болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны