Система Orphus

Шығыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 604 млрд. теңгенің 37 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

25.06.2012, 10:29 5108

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 604 млрд. теңгенің 37 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

37 жобаның тоғызы - республикалық маңыздағы жобалар болса (534 млрд. теңге), қалған 28 жоба (40 млрд. теңге) - өңірлік жобалар.

2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында 154 млрд. теңгеден астам соманың 21 жобасы іске асырылды, өнеркәсіптік және шаруашылық мақсаттағы 9 нысан іске қосылды. Карта жобалары, ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, 35,1 млрд. теңге соманың өнімдерін өндірді және қызметтерін көрсетті. 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, 2010-2011 жылдары іске қосылған 21 жобаның ішінде 8 кәсіпорын 50 пайыздан 100 пайызға дейінгі жобалық қуатына шығып отыр. Олардың қатарында "Өскемен арматура зауыты"АҚ, "Қазмырыш" ЖШС, "Семей азық-түлік өнімдері комбинаты" ЖШС, "Приречное" агрофирмасы" ЖШС, "Қазмырышмаш" ЖШС, "Фаворит", ЖШС, "ЕртісТАНур плюс" ЖШС бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны