06.04.2009, 18:31 3444

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген балықты аулаған - ІІД

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген балықты аулаған - ІІД

Семей. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген балықты аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 сәуірде сағат 12.30 шамасында рейд шаралары кезінде Қатон-Қарағай ауданында тәртіп сақшылары 47 жастағы аудан тұрғыны айдаған "Ниссан Цефиро" көлігін ұстаған. Тексеру кезінде көлік ішінен Қызыл кітапқа енгізілген, салмағы 800 грамм болатын балық табылды. Сондай-ақ, балық аулайтын ау табылып тәркіленді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз алу дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны