24.09.2007, 13:17 2383

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің қызметкерлері порноматериалдар таратуға қатысты 3 және контрафакт түріндегі аудиобейнеөнімдерді таратуға қатысты 34 деректің бетін ашты

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің қызметкерлері порноматериалдар таратуға қатысты 3 және контрафакт түріндегі аудиобейнеөнімдерді таратуға қатысты 34 деректің бетін ашты.

Семей. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің қызметкерлері "Контрафакт" атты оперативтік алдын-алу шарасының барысында порноматериалдар таратуға қатысты 3 және контрафакт түріндегі аудиобейнеөнімдерді таратуға қатысты 34 деректің бетін ашты. Бұл туралы агенттікке Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізуге, порнографияны таратуға, зяинды бағдарламаларды таратуға, контрафакт өнімдерді таратуға қатысты қылмыстарды ашу және олардың алдын алу , сондай-ақ, телекоммуникациялар саласындағы қылмыстарды ашу мақсатында жүзеге асырылған.

Заңсыз айналымнан түрлі 1283 өнім, соның ішінде 974 компакт-диск, 248 аудиокассета, компьютердің екі жүйлелік блогы, екі CD-диск, порнографиялық жазбалары бар бір бейнекассета, "Sony" ойын приставкасы алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны