02.06.2015, 10:12 3990

Шығыс Қазақстан облыстық сотында кадрлық өзгерістер болды

Шығыс Қазақстан облыстық сотыныӊ төрағасы Д.Иміров облыстық соттыӊ жаӊа судьяларын таныстырды

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облыстық сотыныӊ төрағасы Д.Иміров облыстық соттыӊ жаӊа судьяларын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық сотыныӊ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2015 жылғы 25 мамырдағы №29 Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотыныӊ судьялары қызметіне Өскеменніӊ №2 қалалық сотыныӊ судьясы қызметінен босатылып Г. Ибдірахманова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ сдьясы қызметінен босатылып М.Қадырова, Семейдіӊ №2 қалалық сотыныӊ судьясы қызметінен босатылып Қалымова К, Өскеменніӊ №2 қалалық сотыныӊ судьясы қызметінен босатылып Н.Рахметуллина тағайындалды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Облыстық соттыӊ төрағасы Д.Иміров судьяларды жаӊа қызметке тағайындалуымен құттықтап, олардыӊ жұмысына табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны