19.06.2009, 16:55 2988

Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының экономикасы Қазақстанның индустриясының негізін құрайды - президент

Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының экономикасы Қазақстанның индустриясының негізін құрайды - президент

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының экономикасы Қазақстанның индустриясының негізін құрайды. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде аймақтық инвестициялық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бұл форум біздің республиканың дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасы бойынша жұмысымыздың бастамасы болмақ. Біздің бұл жұмысты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарынан бастап отыруымыз кездейсоқтық емес. Осы үш өңірдің экономикасы Қазақстанның индустриясының негізін құрайды. Өнеркәсіп өнімінің 20%-дан астамы, экспорттың 5%, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің 48%-ы осында өндіріледі. Өңірдің аса қуатты энергетикалық әлеуеті бар, ол еліміздегі жалпы электр энергетикасының 65%-ын жеткізеді", - деді Н. Назарбаев.

"Мұнда өнеркәсіптің барлық салаларының дерлік бірегей кәсіпорындары, ірі ғылыми-зерттеу және жобалаушы ұйымдар мен оқу орындары шоғырланған, Ядролық технологиялар паркі, Университет негізінде жоғары технологиялар аймағы бар, яғни, мұнда аймақ экономикасын толыққанды әртараптандыруға қажетті мүмкіндіктер мен нақты жағдайлар бар", - деді мемлекет басшысы.

Сол себепті де президенттің айтуынша, "елімізді жаңаша индустрияландырудың локомотивіне дәл осы аймақ айналуы тиіс". "Біз бүгін әкімдер, министрліктер мен мемлекеттік холдингтер жүзеге асырып жатқан жұмыстармен таныстық. Осында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бірақ бұл өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мұнымен түгесілмейді, сол себепті мен мұны - бастамасы ғана деп түсінемін. Бұл - 10 жылға есептелген ауқымды бағдарлама аясындағы жұмыстардың бастамасы ғана болмақ", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны