14.08.2006, 15:56 3296

Шығыс Қазақстандық тәртіп сақшылары "Қару" шұғыл-профилактикалық шарасының қорытындысын шығарды

ӨСКЕМЕН. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстандық тәртіп сақшылары "Қару" шұғыл-профилактикалық шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыстық ІІД-нің бспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, шараның басты мақсаты - заңсыз сақтаулы тұрған қару-жарақ, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды анықтап тәркілеу, қару қолданып жасалатын қылмыстардың алдын алу, тіркелмеген заңсыз қаруды тұрғындардың өз бетімен тапсыру шарасын ұйымдастыру болып табылады.

"Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері төрт күннің ішінде аңшы және газды қару иелері болып табылатын 3554 адамды тексеріп, азаматтар тарапынан азаматтық және қызмет бабындағы қару-жарақты сатып алу, сақтау, сату, біреуге беру және тасымалдау тәртіптеріне қатысты 238 заң бұзушылықтың бетін ашты,- деп хабарлайды ШҚО ІІД-нің өкілдері. - Жалпы алғанда заңсыз айналымнан 24 қару мен 120 грамм жарылғыш зат шығарылды". Осынау барлық деректер бойынша сараптама жүргізіліп, тергеу амалдары жүзеге асырылуда.

Шұғыл-профилактикалық шараның барысында облыс тұрғындары аумақтық ішкі істер органдарына 73 қару мен 492 грамм жарылғыш затты өз бетімен келіп табыстады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны