17.03.2010, 14:50 3687

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды

Семей. 17 наурыз. Kazakhstan Today - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы болып бұған дейін ҚР Қарулы күштері аэроұтқыр әскерлерінің бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған Василий Рысбаев тағайындалды.

"Мемлекет басшысының бұйрығымен генерал-лейтенант Николай Поспелов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, ҚР қорғаныс министрінің қарамағына берілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны