15.05.2015, 19:28 4163

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы террористік шабуылға қарсы тойтарыс беру алгоритмін пысықтады

Үш күндік терроризмге қарсы оқу-жаттығуға бірқатар практикалық міндеттерді орындау қарастырылды. Қарулы жеке құрам заӊсыз әскери құрылымныӊ шартты орнын анықтап, Семей қаласынан шығып жаӊа орынға ауысты және белгіленген пунктіне бекінді.

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері іс жүзінде заӊсыз құрылған әскери құралымдарды басып алу және жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмін пысықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үш күндік терроризмге қарсы оқу-жаттығуға бірқатар практикалық міндеттерді орындау қарастырылды. Қарулы жеке құрам заӊсыз әскери құрылымныӊ шартты орнын анықтап, Семей қаласынан шығып жаӊа орынға ауысты және белгіленген пунктіне бекінді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Екінші тапсырма жауынгерлік оқу-жаттығудыӊ негізгі бөлімі болды. Искери қызметшілер террористердіӊ шартты топтарыныӊ өкілдерімен байланыс орнатып, келіссөздер жүргізді. Содан кейін заӊсыз басып алынған объектілерге шабуыл жасап, қылмыстық топты тұтқындады. Заӊсыз құрылған әскери топ өкілдері өзен жағасына шегіну әрекеттерін қолданды. Алайда, олар 44736 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілерімен өзара іс-қимылда жұмыс жасаған амфибиялық ротасы жауынгерлерімен тұтқындалды.

Аталған терроризмге қарсы оқу-жаттығулары қалаға жақын аумақта өтуімен, сондай-ақ Семей гарнизоныныӊ әскери полиция жасағы, ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ Ұлттық ұланы бөлімшелерініӊ әскери қызметшілерініӊ тікелей іс-қимылда болуымен ерекшеленеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны