07.04.2015, 14:23 3888

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында жауынгерлік міндетті орындау әзірлігі тексерілді

Бас инспекция бес жылда бір рет тексеру жүргізеді. Тексерудіӊ басты мақсаты - әскери бөлімге жүктелген жауынгерлік міндетті орындау қабілетін тексеру. Осы орайда тексеруге жеке құрамнан 500-ге жуық адам және 200 бірлік техника тартылды.

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ Бас инспекциясы ағымдағы жылдыӊ 31 наурызы мен 6 сәуірі аралығында "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы 36803 әскери бөліміне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Бас инспекция бес жылда бір рет тексеру жүргізеді. Тексерудіӊ басты мақсаты - әскери бөлімге жүктелген жауынгерлік міндетті орындау қабілетін тексеру. Осы орайда тексеруге жеке құрамнан 500-ге жуық адам және 200 бірлік техника тартылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Іс-шара барысында негізгі оқыту пәндері, олардыӊ ішінде тактикалық даярлықтан, Макаров пистолеті мен АК-74 автоматынан іс жүзінде ату арқылы атыс даярлынан офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердіӊ білімі тексерілді. Сонымен қатар жауынгерлік техникамен 400 шақырымға созылған марш жасалды.

Бұдан басқа, басқару батареясы мен зымыранды дивизионныӊ әскери қызметшілері жауынгерлік міндеттерге сәйкес іс-шараларды орындады. Батареялармен байланыс орнатылып, әскери бөлімніӊ өрт сөндіру тобы "шартты" өрт сөндіру қимылдарын пысықтады.

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 36803 әскери бөліміне "өте жақсы" деген баға беріліп, жауынгерлік міндетті орындауға қабілетті деп танылғанын атап өткен жөн.

Тексеру нәтижесі бойынша ҚМ Бас инспекциясыныӊ бастығы генерал-лейтенант Құрбан Қаражановтыӊ басшылығымен өткен тексеру нәтижелері бойынша 3 сыныпты сержант Айдос Секбаев, аға сержант Дәмір Қажыбек, сержант Ермак Махметов және кіші сержант Маулида Аппузовалар жақсы жағынан атап өтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны