23.07.2008, 17:21 2648

Шілденің басынан бері республиканың есірткімен күресуші полицейлері 500 грамм героин және 460 килограмм марихуананы сатудың жолын кесті

Шілденің басынан бері республиканың есірткімен күресуші полицейлері 500 грамм героин және 460 килограмм марихуананы сатудың жолын кесті

Астана. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Республиканың есірткімен күресуші полицейлері шілденің басынан бері сәтті жүргізілген операциялар барысында 500 грамм героин және 460 килограмм марихуананы сатудың жолын кескен, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 20 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының ІІБ ЕБКБ қызметкерлері Түркістан қаласындағы бір дәмханада бір азаматтан жеке тексеру барысында салмағы шамамен 500 грамм героин тауып тәркіледі. Аталған героин Түркістан қаласында таратуға арналған.

Қазіргі уақытта есірткіні сатып алу көздерін анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.

2008 жылғы 18 шілдеде Батыс Қазақстан облысының ІІД есірткі полицейлері Орал-Атырау тас жолында 19 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстап, одан 10 килограммнан артық марихуана алды. Ұсталғанның айтуынша, аталған жүкті ол Ресей Федерациясына жіберу үшін дайындаған.

Есірткімен күресуші полицейлер есірткіні Ресей Федерациясына жіберуге ниеттенген арналарды анықтауда.

21 шілдеде Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД қызметкерлері құмды аймақтың "Тәтті-Аспара" айдауында Алматы облысының тұрғынын ұстады, оның арнайы жабдықталған жерінен 405 кг марихуана алынды.

Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Көкнәр-2008" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аса ірі мөлшердегі "марихуананы" тасымалдау арнасын жойды.

Семей қаласының тұрғыны 34 жастағы азамат есірткіні сақтаумен және оны сатумен айналысатыны туралы ақпарат есірткі полицейлерінде бұрын болған.

4 шілдеде Ертіс өзенінің жағасында есірткімен күресуші полицейлер азаматтың басқаруындағы "Газ 31010" автомашинасын тоқтатып, оның жүк тасымалдау бөлігінен 15 кг марихуана алды.

Іс-шараны одан әрі жүргізу барысында, 18 шілдеде есірткі сату кезінде екі азамат ұсталып, олардан 5 кг марихуана, 250 мың теңге бар екені анықталып, алынды. Жеткізушінің пәтерін тексеру кезінде 30 килограммнан артық марихуана анықталып, алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны