21.12.2009, 16:33 3206

Шымкент қаласында көлік жүргізушісінен 169 грамм героин тәркіленді

Шымкент қаласында көлік жүргізушісінен 169 грамм героин тәркіленді

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында полиция қызметкерлері "ВАЗ-2121" автомашинасын ұстады, оның салонынан 169 грамм героин тәркіленді. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изолятарына қамауға алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қ.Жұмановтың айтуынша, "еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты. Апта ішінде 1644 қылмыс жасалып, оның ішінде "ізі суымай" 1240 қылмыс, сондай-ақ бұрын жасалған 339 қылмыс ашылды. Сонымен қатар 87 күдікті қылмыскер қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп, 9 атыс қаруы алынды. 111 есірткі қылмысы, оның ішінде 30 есірткі сату фактісі анықталып, 56 кг-нан астам есірткі тәркіленді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны