21.09.2009, 14:05 1727

Шымкент - Мәскеу бағытты автобусында бір килограммға жуық героинмен Өзбекстан азаматы ұсталды

Шымкент - Мәскеу бағытты автобусында бір килограммға жуық героинмен Өзбекстан азаматы ұсталды

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент - Мәскеу бағытты автобусында бір килограммға жуық героинмен Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "19 қыркүйекте "Ақбалшық-авто" шекаралық бақылау бөлімінің жасағы (Қостанай шекара отряды) Шымкент - Мәскеу бағытты автобусында Өзбекстан азаматын ұстады. Иісшіл итті пайдалана отырып оның заттарын тексеру барысында сөмкесінің қос түбінің астынан бір килограммға жуық героин табылған".

Бұл дерек бойынша қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны