30.05.2007, 12:18 1667

Шымкент түрмесіндегі оқиғаның себептерін тексеру қорытындысы бойынша прокуратура қылмыстық істер қозғады

ШЫМКЕНТ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 21-мамырда ИЧ-167/3 түрмесінде болған оқиғаның себептерін тексеру қорытындысы бойынша қылмыстық істер қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорының аға көмекшісі Асқар Бектенов хабарлады.

Осы орайда еске сала кетсек, 21-мамырда ИЧ-167/3 түрмесінде жазасын өтеп жатқан 77 адам жаппай өз-өзіне қол жұмсаған.

А.Бектеновтың айтуынша, жазасын өтеушілердің жаппай өз-өзіне қол жұмсауына "мекеме әкімшілігінің адамдарды тұрақты қорлауы мен жәбірлеп, соққыға жығуы себеп болған".

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің "Арнаулы құралдарды пайдалану арқылы билігін асыра пайдалану" жөніндегі 308-бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады, деді көмекші.

Сонымен бірге прокуратура тәртіпсіздіктер ұйымдастыру дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. "Жазасын өтеушілердің әрекеті мекеменің қалыпты жұмыс ырғағын бұзуға және мекеме қызметкерлерінің заңды іс-қызметіне кедергі келтіруге бағытталғандықтан арнаулы прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымның іс-қызметіне топтың алдын-ала ымыраласуы арқылы кедергі келтіру) жөніндегі 361-ші бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады",- деді А.Бектенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны