07.05.2008, 16:48 3291

Шымкентке шекара әскерлерінің "Достық" эстафетасы келді

Шымкентке шекара әскерлерінің "Достық" эстафетасы келді

Шымкент. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Шымкентке Даңқ мемориалы қасында "Дружба" шекара эстафетасы Оңтүстік Қазақстан шекарашыларына тапсырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ҚР ҰҚК "Оңтүстік" аймақтық басқарма командирінің орынбасары Эрик Росляков журналистерге хабарлағанындай, "Достық" эстафетасы биылғы жылдың 15 ақпанында Ресейдің Чукотск автономиялы округының Лаврентий кентінде басталды.

"Кубок және бір уыс топырағы бар гильза эстафетаның символдары болды. Лаврентий кентінде басталған эстафета Ресей Федерациясының сыртқы шекарасын бойлап, Петропавловск-Камчатский, Владивосток, Чита, Барнаул сияқты ірі елдімекендері арқылы өтті. 21 сәуірде Шемонаиха кентінде е ресей шекарашылары кубокты Қазақстан шекарашыларына тапсырып, ал гильзаны ресей шекарасы бойымен өткізді ", - деді Э. Росляков.

Қолбасшының орынбасары айтқанындай, Эстафета Қазақстанда Қытай шекарасын бойлай өтіп, одан Оңтүстік Қазақстанға қарай бағытталды.

"Енді Ынтымақтастық шекара әскері эстафетаны ОҚО барлық заставалар арқылы алып өтіп, 11 мамырда Өзбекстан Республикасының шекара қызметінің өкілдеріне тапсырады", - деді Э. Росляков.

Қолбасшының орынбасары айтқанындай, шекара қызметкерлерінің эстафетасы бірінші рет 60 жылдары өткізілді. Сол кезде брестің топырағы мен гильзаны Кеңес Одағы шекарасын бойлай алып өтті.

Биылғы эстафета ТМД шекара әскері құрылуының 90 жылдығы мен фашизмді жеңудің 63 жылдығына арналған. "Достық" эстафетасы ТМД елдерінің достығын және шекараның мызғымастығын білдіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны