21.06.2011, 16:01 3902

"Шымкент-Керамик" АҚ бас директорын полиция қамауға алды

"Шымкент-Керамик" АҚ бас директорын бүгін таңертең Алматы қалалық ІІД қызметкерлері қамауға алды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Шымкент. 21 маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында "Шымкент-Керамик" АҚ бас директоры Радион Адиатулинді алматылық полицейлер қамауға алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Шымкент-Керамик" АҚ бас директорын бүгін таңертең Алматы қалалық ІІД қызметкерлері қамауға алды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

"Ол қамауға алынды. Оны іске асырған Алматы қалалық ІІД қызметкерлері. Олар Шымкент аумағында жұмыс істеген және оны қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алды. Түсініктемені Алматы қаласының ІІД береді", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Алайда, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны