02.10.2008, 12:03 1554

Шымкентте 10 килограмм героинмен екі есірткі тасушы ұсталды

Шымкентте 10 килограмм героинмен екі есірткі тасушы ұсталды

Шымкент. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 10 килограмм героинмен екі есірткі тасушы ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"30 қыркүйекте ОҚО ҰҚКД жедел тергеу тобы Шымкентте 10 килограмм героинмен 23 жастағы Тәжікстан азаматы мен 24 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ОҚО ҰҚКД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3-тармағының "а", "в" тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандар ҰҚКД тергеу абақтысына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны