25.10.2016, 16:01 3802

Шымкентте 1 қарашадан бастап тұрақтандыру қорындағы азық-түлік өнімдері сатыла бастайды

Бүгінгі күнгі жағдаймен қоймаларда 1365 тонна картоп, 93 тонна сәбіз, 1014 тонна қант, 50 тонна макарон өнімдері, 2815 тонна бірінші сұрып ұны, 185165 литр өсімдік майы бар.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Тұрақтандыру қоры биыл да нарықтағы бағаны реттейді және облыс аумағындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Тұрақтандыру қорындағы күнделікті қажетті азық-түлік өнімдерініӊ бағасы нарықтағы бағадан төмен. Бүгінгі күнгі жағдаймен қоймаларда 1365 тонна картоп, 93 тонна сәбіз, 1014 тонна қант, 50 тонна макарон өнімдері, 2815 тонна бірінші сұрып ұны, 185165 литр өсімдік майы бар.

Шымкенттіктер тұрақтандыру қорыныӊ көліктерін жазбай таниды. Нарықтағы бағадан арзанға сатылатын өнімдер әсіресе аз қамтылған және көп балалы көптеген отбасылар үшін отбасылық бюджеттіӊ біршама шығынына алып келетін қыс маусымынан қысылмай шығуға мүмкіндік береді. Биыл да тұрақтандыру қоры қаланы айрықша қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні "Шымкент ИКК ҰК" АҚ қоймасында сәбіз, құмшекер, өсімдік майы бар, сондай-ақ, өзара бекітілген келісім-шарттыӊ негізінде Қарағанды мен Павлодардан картоп жеткізілуде.

1 қарашадан бастап апта сайынғы жәрмеӊкелер өткізу жоспарлануда, онда тұрақтандыру қорыныӊ азық-түлік өнімдері мынадай бағамен сатылады: картоп - 65 теӊге/кг, сәбіз - 65 теӊге/кг, құмшекер - 220 теӊге/кг, өсімдік майы - 350 теӊге бір литрі үшін.

Қазір "Шымкент ИКК ҰК" АҚ азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған екі қойманы жалға алып отыр.

Жәрмеӊкелер әр сенбі сайын Қажымұқан стадионыныӊ жанында, ал әр жексенбі сайын Арғынбеков көшесінде өтетін болады. Сондай-ақ, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аудандарына да өнеркәсіп өнімдері жеткізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны