15.09.2016, 10:52 3200

Шымкентте 2016 жылы білім саласына 40,3 млрд теӊге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 8,7 млрд теӊгеге артты

"Ұлттық қор", облыстық және қалалық бюджеттерден "Балапан" бағдарламасы аясында 2 мектеп, 4 мемлекеттік және 39 жекеменшік балабақша салынды.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте 2016 жылы білім беру саласын дамыту үшін 40,3 млрд теӊге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 8,7 млрд теӊгеге артты.Сапалы білім алу - еліміздегі әрбір азаматтыӊ құқығы. Осыған орай ҚР Президенті білім саласына ерекше көӊіл аударып, мектеп, балабақша және басқа да білім нысандарын көптеп салдыруда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Мәселен, 2015 жылы Шымкентте 84 қоғамдық балабақша, 208 жеке және 35 шағын орталық, 127 мектептер мен 327 балабақша ел игілігі үшін пайдалануға берілген.

Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш мемлекеттіӊ қолдауымен айтарлықтай өсті. "Ұлттық қор", облыстық және қалалық бюджеттерден "Балапан" бағдарламасы аясында 2 мектеп, 4 мемлекеттік және 39 жекеменшік балабақша салынды. Шымкент қаласы бойынша орташа балл 82,6 болып, ( 2015 жылы - 81,8 б) "Алтын белгі" белгісіне үміткерлер саны өткен жылғыдан артқан. Ұлттық бірыӊғай тестілеуге қатысқандар саны 16 278 -ге дейін өсті. Ал, осы жылы "Алтын белгі" иеленгендер саны 94 болды.

Білім мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары күн тәртібіндегі маӊызды мәселелердіӊ бірі болып табылады. Осы орайда тұрғындар жаӊа жұмыс орындары мен тұрақты жұмыс жасау бағытына ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны