04.06.2009, 16:06 2941

Шымкентте 9 килограмм героин сатпақ болған есірткі сатушы ұсталды

Шымкентте 9 килограмм героин сатпақ болған есірткі сатушы ұсталды

Шымкент. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 9 килограмм героин сатпақ болған есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкентте ОҚО Мақтаарал ауданының тұрғыны 9 килограмм героинді заңсыз сатпақ болған кезде құрықталды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3- тармағы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды аса ірі көлемде заңсыз сатып алу, дайындау, ұқсату, жөнелту, сақтау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған ОҚО ҰҚКД тергеу абақтысында отыр, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны