11.05.2010, 14:55 2859

Шымкентте адвокатты өлтірген күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды

Шымкентте адвокатты өлтірген күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды

Шымкент. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Шымкентте адвокатты өлтірген күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "24 сәуір күні сағат 17-де Ил-Фараби АІІБ кезекші бөліміне қала орталығындағы үйлердің бірінде өрт болып жатыр деген хабарлама келіп түседі. Өрт сөндірілгеннен кейін жатын бөлмеден 1941 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Үй иесі адвокат Адамбаева Куляра болып шықты. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленушінің өліміне механикалық асфикция және кеуде тұсынан пышақтан болған ішкі ағзаларының жарақаты себепші екені анықталды. Оқиға орнынан полицейлер саусақ іздерін алды".

"Аса ауыр қылмыс болғанын ескере отырып, Ішкі істер департаментінде осы қылмысты ашу мақсатында жедел қызметкерлер мен тергеушілерден құрылған арнайы топ жасақталды. Жәбірленушінің қызмет бабын ескере отырып, полицейлер оны өлтірген қызмет барысына қатысты бас араздығы бар адамдар немесе тонау мақсатында бұрын-соңды сотты болғандар болуы мүмкін деген бірнеше болжамдар жасады",- деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында полицейлер 8 мамыр күні 1982 жылы туған Өзбекстан азаматы екенін анықтап, ұстады. Ол Еңбекші аудандық полиция бөлімінде ұялы телефон ұрлығын жасаған деген айыппен тергеуде жүрген екен. Оның қорғаушысы сол жәбірленуші болған. Күдікті өз қорғаушысының қызметіне беретін ақшасы болмағандықтан, оны өлтіруге барған. Қылмысының ізін жасырмақ болған ол үйді өртеп кеткен". "Құрбанының үйінен ұялы телефон, 9 000 теңге және жәбірленушінің алтын алқасын алған. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оның үстінен ҚР ҚК-нің екі бабы - 96 "кісі өлтіру" және 179 "қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны