23.08.2006, 18:47 3483

Шымкентте АХАЖ маманы пара алды деген күдікпен құрықталды

ШЫМКЕНТ. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Шымкент қалалық АХАЖ бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікпен құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қалалық АХАЖ бөлімінің бас маманы өзінің жұмыс бөлмесінде облыс орталығының тұрғынынан пара алғаннан кейін ұсталды. Шенеунік әйелдің жұмыс үстелінен белгі соғылған 3 мың АҚШ доллары шықты. Бұл ақшаны бөлімнің бас маманы Шымкент тұрғынынан Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын құжаттарды рәсімдеп беру үшін талап еткен.

Тұтқынның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны